«Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді», деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше